Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
«Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 391 Жарлығы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес 
Кадр саясатын жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесіне:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлері түрлерінің, түрлері тектерінің қолбасшылары

Президент

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, түрлері әскерлері тектерінің қолбасшылары

Президент

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарлары

Қорғаныс министрі


 

Әкімшілік Басшысы

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Қарулы Күштер түрлерінің Бас қолбасшыларының, әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары

Қорғаныс министрі


 

Әкімшілік Басшысы

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – Бас штабтар бастықтары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары

Қорғаныс министрі


 

Әкімшілік Басшысы

Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – Бас штабтар бастықтары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары

Қорғаныс министрі


 

Әкімшілік Басшысы

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының орынбасарлары

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің бастықтары, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың қорғаныс істері департаменттерінің бастықтары

Қорғаныс министрі


 

Әкімшілік Басшысы

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары

Ішкі істер министрі


 

Әкімшілік Басшысы

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары

Ішкі істер министрі


 

Әкімшілік Басшысы

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары

Ішкі істер министрі


 

Әкімшілік Басшысы

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Ұлттық ұлан бас басқармаларының бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі


 

Әкімшілік Басшысы

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды тұлғаларын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ережеде:
«17. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығында:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, қызметтердің бастықтары және олардың орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, Астана және Алматы қалалары департаменттерінің, облыстық департаменттерінің, ҰҚК академиясының бастықтары;
«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі Директорының орынбасарлары, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі департаменттерінің және оларға теңестірілген бөлімшелердің бастықтары;
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінде:
ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы; ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары; ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының бастықтары;
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы; Бас штаб бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары; Қарулы Күштер тыл бастығы; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – Бас штабтар бастықтары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектері қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері және Қарулы Күштер өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының орынбасарлары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары; Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің Бас штабы департаменттерінің бастықтары; Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы;
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы; Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары; өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары; бас басқармалар бастықтары;
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрлері, жауапты хатшысы, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы.
3) Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінде:
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары, орынбасарлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары;
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты калыптастыру және іске асыру мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат, Аэроғарыш комитеттерінің төрағалары, төрағаларының орынбасарлары;
Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы, төрағасының орынбасарлары.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Полная версия
ИС BestProfi