Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 880 қаулысы
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосылу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып бақылау кеңесін енгізу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (17.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 71 Қаулысымен (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия
ИС BestProfi