Близость слов: Окончание:





«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу және «Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы және «Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 618 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14626 болып тіркелді
Редакция 23.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 жылғы № 160 Бұйрығына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы және «Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12917 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің 
2016 жылғы 28 қарашадағы 
№ 618 бұйрығына
қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 жылғы № 160 Бұйрығына сәйкес (28.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi