Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі:
мынадай мазмұндағы «2-1. Заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу тәртібі» деген тараумен толықтырылсын:
«3-1. Ұйымдардың өздеріне заңнамада жүктелген және олардың жарғыларында (ережелерінде) көзделген азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншігін қорғау бойынша, қоршаған орта объектілері мен табиғи ресурстарды, құнды және қауіпті жүктерді, арнайы хат-хабарларды күзету бойынша жүктелген міндеттерді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған қару мен оның патрондары жеткізуші заңды тұлғалардан ішкі істер органдарында оны сатып алуға рұқсат алған соң сатып алынуы мүмкін.
3-2. Заңды тұлғаға қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған рұқсатты ресімдеу үшін мыналар болуы қажет:
толық сауалнамалық деректермен бірге, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер, техникалық нығайту талаптарына сай келетін және осы Ереженің 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес өрт-күзет дабылдары құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың кадастрлық нөмірі көрсетілген заңды тұлғаның сатып алуға рұқсат алуға арналған өтініш;
2) техникалық нығайту талаптарына сай келетін және осы Ереженің 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес өрт-күзет дабылдары құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды жалға алу шартының көшірмесі;
3) қаруға рұқсаты бар адамдардың қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды;
4) қаруға рұқсаты бар адамдардың қаруды қауіпсіз пайдалану қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтама;
5) қару мен оның патрондарын сатып алуға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық;
6) жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен модельдерін және олардың санын көрсете отырып, қару және (немесе) оның патрондарын жеткізуге немесе сатып алуға арналған шарт (келісімшарт) (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) не қару мен оның патрондарын сатып алу-сату шарты (келісімшарты) (Қазақстан Республикасының аумағында қару саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін);
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жарақат салатын әсері бар патрондары бар қарудың және электр қаруының көрсетілген қарудың зақымдағыш факторларының адамға тигізетін жол берілген әсерінің белгіленген нормаларына сәйкестігі туралы қорытынды (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйым оны сатып алуға ниет білдірген кезде);
8) осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес аумақтық ішкі істер департаменттерімен (тегіс ұңғылы қару үшін) және (немесе) Ішкі істер министрлігімен (ойық қару үшін) келісілген қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтер бланкілері (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар үшін).
Полицияның жауапты қызметкері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өтініште ұсынылған қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда соттылығының жоқтығы, қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) сатуға арналған үй-жайлардың және қару мен оның патрондарын сатып алу құқығының болуы туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелермен салыстыра тексеруді жүзеге асырады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар болғанда және өтініштегі мәліметтерде көрсетілген ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйемен сәйкес келген кезде заңды тұлғаға азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға рұқсат беріледі.»;
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) - 8), 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта
Полная версия
ИС BestProfi