Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.03.2023
Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 14664 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 14 наурыздан бастап күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.02.2023 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес 
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметті стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау субъектілеріне стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы қағидаттарын белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, «стоматология (ересек және балалар)» мамандығы бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
2) клиникалық хаттама – белгілі бір ауруы немесе клиникалық жағдайы кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;
3) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
4) стоматологиялық аурулар – тіс тіндерінің (кариозды, кариозды емес), пародонта, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының, тілдің, еріннің қызыл ернеулері және жақ сүйек-беттің аурулары (жіті, созылмалы спецификалық емес және спецификалық қабыну аурулары, сілекей бездерінің аурулары; самай - төменгі жақ сүйек буындарының және бет нервтерінің аурулары; жарақаттар; жақ сүйек-беттің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары; тістің, жақ сүйек пен беттің даму аномалиялары мен ақаулары, обыр алды аурулары, жақ сүйек-бетінің қатерсіз ісіктері мен ісік тәріздес зақымданулары);
Полная версия
ИС BestProfi