Близость слов: Окончание:





Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 43 бұйрығы
Редакция 26.03.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 2012 жылғы 12 қарашадағы № 8074 болып тіркелген) бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереженің 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму Министрінің м.а.
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 43 бұйрығына
қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты
жұмыс істейтін комиссияның  
 құрамы
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (23.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)

Ержанов

Аманияз Қасымұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, төраға;

 

Ордабаев

Мақсұт Құтымұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары;

 

Инаханова

Сәуле Төлеуханқызы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын бақылау жөніндегі басқарма сарапшысы, хатшы;

 

Елеуова

Әсел Оразқызы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын бақылау жөніндегі басқарма басшысы;

 

Әлібеков

Олжас Әділұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы;

 

Жалманбетов

Ерік Бейсенғалиұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Метрология және сәйкестікті бағалау басқармасының бас сарапшысы;

 

Қалыбеков

Фархад Мәлікұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің нормативтік құқықтық бұйрықтар басқармасының сарапшысы;

 

Мергенбаев

Әділ Қайірдіұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жаңа технологиялар комитетінің хатшылығы хатшысының орынбасары (келісім бойынша).

Полная версия
ИС BestProfi