«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.01.2022
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 23 қантардан бастап ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес
Редакция 07.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттары осы бұйрықға 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров 2014 жылғы 17 қараша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Департамент басшысы
Басқарма басшысы
Полная версия

