Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 жылғы № 83 Қаулысына сәйкес (23.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың сатып алатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) мынадай талаптарға сәйкес келген кезде заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сатып алады:
2-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 жылғы № 142 Қаулысымен (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 10.09.2019 жылғы №151 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әділ құнын бағалау үшін қажет белсенді нарықтың баға белгілеуі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активтерi болып табылатын депозитарлық қолхаттары;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2020 жылғы № 113 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің негізі қор индекстерінің құрамына енгізілген акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттар;