Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304
 қаулысына 6-қосымша
Сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингі және рейтингтік агенттіктердің тізбесі
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Сақтандыру холдингтері талап етілетін мынадай ең төменгі рейтингі бар облигация облигацияларды сатып алады:
1) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған облигациялар бойынша Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы;
2) шетелдік ұйымдар шығарған облигациялар бойынша Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы;
3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес немесе ұлттық шкаласы бойынша «kzBВ-» рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 10.09.2019 жылғы № 151 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2020 жылдан бастап)
Сақтандыру холдингтері тәекелдерді хеджирлеу мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап етілетін ең төменгі рейтингі бар облигациялар базалық активі болып табылатын туынды қаржы құралдарын да сатып алады.
2. Сақтандыру холдингтері сатып алатын облигацияларда талап етілетін ең төменгі рейтингі бар мынадай рейтингтік агенттігтердің тізбесі белгіленсін:
4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің еншілес рейтингтік ұйымдары.
Полная версия
ИС BestProfi