Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2018
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2017 жылғы
 № бұйрығына
 1-қосымша
Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 25 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2018 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 10.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында кредиттер/микрокредиттер беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
Қағидалар шеңберінде кредит беру/микрокредит беру жұмыссыздарға, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар ретінде пайдаланылады.
2. Қағидаларда мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 жылғы № 147 Бұйрығына сәйкес (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес (11.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) бюджеттік кредит шарты – жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын бюджеттік кредит беру туралы жазбаша келісім;
3) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 жылғы № 147 Бұйрығына сәйкес (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес (11.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу/ салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;
6) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
7) кредитор – микроқаржы ұйымы/ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);
8) кредиттік келісім –микрокредит беру ұйымы мен кредитор арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын қарызға беру туралы жазбаша келісім. Кредиттік келісімнің нысанын микрокредит беру ұйымы бекітеді;
9) кредит/микрокредит беру туралы шарт – кредитор мен Бағдарламаға қатысушының арасында соңғысына осы Қағидаларда айқындалған мақсаттарға берілетін қарыз қаражаты есебінен кредит/микрокредит беру үшін жасалатын жазбаша келісім;
10) кредит/микрокредит – ЕДБ/МҚҰ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарымен кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;
11) қарыз – Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін кредиттік келісім негізінде кредиторға микрокредит беру ұйымы беретін ақша сомасы;
12) микрокредит беру ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
Полная версия
ИС BestProfi