Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.12.2018
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2017 жылғы қаңтардағы
 № бұйрығына
 2-қосымша
Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары
Осы Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 25 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2018 жылғы № 84 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді.
2. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және Бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын кредит/микрокредит ресурстарына кәсіпкерлердің қолжетімділігін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты жергілікті атқарушы органдар Микроқаржы ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктердің микрокредиттерге кепілдік беруі туралы шарттың негізінде кепілгерге аударады.
4. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2017 жылғы № 286 Бұйрығымен (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2018 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
2) ЕДБ – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
3) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) инвестициялық жоба – негізгі құралдарды сатып алу/салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;
5) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарында микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;
6) кепілдік беру – кәсіпкердерді осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредит/ микрокредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;
7) кепілдік – кәсіпкердің міндеттемелері бойынша МҚҰ/ЕДБ алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
8) кепілдік шарты – кепілгердің, МҚҰ/Банктің және кәсіпкердің арасында жасалған кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бағдарламаның 2.1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
9) кәсіпкер – шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алусыз барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
10) кепілгер – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
11) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi