Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 75 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 наурызда № 14871 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 13.02.2018 ж. № 172 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 50-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаган тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10152 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-кұқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 ақпанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар салық төлеушінің (салық агентінің) төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы»; 
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы салық берешегі есебіне салық төлеушінің (салық агентінің), кеден төлемдері мен салықтар және (немесе) бойынша берешек есебіне салық төлеушінің және  (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға етіп  айқындалсын.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік қүқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi