Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
2-қосымша
Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімдерін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маракаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 144 Бұйрығына сәйкес
1. Осы импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) импорттаушылардың мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдері мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімдерін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін (бұдан әрі – Міндеттеме) төлеуді қамтамасыз етуді тіркеуді облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері (бұдан әрі - Департамент) жүзеге асырады.
3-тарау. Міндеттемені есепке алу тәртібі
3. Міндеттемені төлеу импорттаушының мынадай тәсілдерді:
мүлік кепілін таңдауы бойынша қамтамасыз етіледі.
Міндеттемені төлеуді қамтамасыз ету бір мезгілде бірнеше тәсілдермен жүзеге асырылады.
4. Міндеттемені қамтамасыз етуді тіркеу, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Карточкаларды (бұдан әрі - Карточка) ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.
5. Есепке алу мақсатында Департаментпен Карточка ресімделеді және Міндеттемені қамтамасыз етуді қабылдағанын растайтын құжат болып табылады.
6. Департаментте Міндеттемені қамтамасыз етуді тіркеген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, импорттаушыға Карточканы тіркегені немесе бас тартқаны туралы, бас тарту себебін көрсетіп, хабарлама жіберіледі.
7. Карточканы тіркеу нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:
00000 - Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
Полная версия
ИС BestProfi