Близость слов: Окончание:





"2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысы
Редакция 29.12.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. 2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2017 жылға мынадай:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.02.2017 жылғы № 87 Қаулысына сәйкес (06.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.11.2017 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (06.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1) кірістер – 9 609 031 675 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер – 4 810 958 061 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 140 197 027 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 604 797 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 4 656 271 790 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 200 057 736 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 282 483 824 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 82 426 088 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 195 718 279 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 195 718 279 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -1 485 898 899 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 2,9 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 1 485 898 899 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
Полная версия
ИС BestProfi