«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
«Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 наурызда № 14880 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 23.01.2018 ж. № 46 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылы 9 тамыздағы № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14222 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев ______________________ 2017 жылғы 8 ақпандағы
Полная версия

