Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.12.2020
Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 наурызда № 14868 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-238/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 728 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9081 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 12 бұйрығымен
бекітілген
Жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.07.2017 жылғы № 469 Бұйрығына сәйкес (07.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.04.2019 жылғы № ҚР ДСМ-33 Бұйрығына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қағидалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоғары технологиялы медициналық қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-37/2020 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – ЖТМҚ) ұсыну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген) бекітілген жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтаулар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-37/2020 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - ӘлМСҚ) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Полная версия
ИС BestProfi