Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.
3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестердің құрамы
5. Кеңестердің құрамы үш жыл мерзімге бекітіледі және мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс.
6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Кеңестер құрамына кандидаттар тізімдері ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурстарында жарияланады.
7. Кеңестердің құрамдарына сайланатын қазақстандық ғалымдардың мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және соңғы 5 жылда кемінде 2 Хирша индексі бар болуы тиіс. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында мамандандырылған ғалымдар үшін Хирша индексінің орнына соңғы 5 жылда халықаралық рецензияланатын журналдарда кемінде 2 жарияланымның болуы талап етіледі.
8. Қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу ғылым саласындағы уәкілетті орган жасаған, соңғы бес жылдағы ғалымдардың Хирша индексі бойынша ранжирленген жарияланымдары тізімінің негізінде жүргізіледі. Бұл ретте кеңестердің құрамдарына осы тізімге сәйкес көбірек Хирша индексі бар ғалымдар іріктеледі. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында мамандандырылған ғалымдарды іріктеу халықаралық рецензияланатын журналдардағы жарияланымдар негізінде жүргізіледі.
9. Кеңестер құрамының жиырма пайызынан асырылмай, бірақ әрбір кеңесте кемінде бір мүшесі әлемдік жетекші ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері болып табылатын, ағылшын тілін еркін меңгерген және соңғы 5 жылда кемінде 10 Хирша индексі бар шетелдік ғалымдар қатарынан қалыптасады.
10. Әрбір кеңес құрамының кемінде елу пайызы ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынымы бойынша ірі өндірістік компаниялар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен қалыптасады.
Полная версия