Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экокомика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 27 наурызда № 14941 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.03.2026 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 жылғы № 32 Бұйрығына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.04.2022 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Ресупбликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 107-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 жылғы № 32 Бұйрығына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.04.2022 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)