«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2023
Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 21 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 17.08.2023 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес
Редакция 20.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі;
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қаулының 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысымен бекiтiлген
Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Пошта туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсететін операторларды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 963 Қаулысына сәйкес (11.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Конкурсты өткізудің мақсаты байланыстың әмбебап қызметтерінің белгіленген тізбесін көрсету үшін әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау болып табылады.
3. Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
3) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 963 Қаулысына сәйкес (11.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.
Полная версия

