Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.06.2018
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 cәуірдегі № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 28 cәуірде № 15072 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 21 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.05.2018 жылғы № 343 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 404 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13774 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 14 cәуірдегі № 199 
​бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
1. Осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
Полная версия
ИС BestProfi