Близость слов: Окончание:





Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 179 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысымен бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі туралы ереженің 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 11-1-2/65 бұйрығымен бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбесінің 9-бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамы бекітілсін.
2. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 5-4/368 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 179 бұйрығымен
бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамы

Қазақстан-молдова экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия

-

Қайрат Қапарұлы Айтуғанов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

Қазақстан-ресей трансшекаралық су объектілерін бірлестігі пайдалану мен қорғау жөніндегі комиссия

-

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Қазақстан-қытай трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен комиссия

-

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Қазақстан-қырғыз Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланымдағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі комиссия

-

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Полная версия
ИС BestProfi