Близость слов: Окончание:





Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15173 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 30.11.2018 жылғы № 658 Бұйрығына сәйкес (10.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2020 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 28.02.2024 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 16.03.2024 жылдан бастап)
Редакция 15.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2020 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 28.02.2024 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 16.03.2024 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 30.11.2018 жылғы № 658 Бұйрығына сәйкес (10.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2020 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 28.02.2024 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 16.03.2024 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 204 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 10.05.2018 жылғы № 196 Бұйрығымен (02.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.06.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 30.11.2018 жылғы № 658 Бұйрығымен (10.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 04.02.2019 жылғы № 57 Бұйрығымен (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 15.03.2019 жылғы № 116 Бұйрығымен (04.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2019 жылғы № 178 Бұйрығымен (өзгерту 16.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 03.09.2019 жылғы № 395 Бұйрығымен (30.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 05.06.2020 жылғы № 230 Бұйрығымен (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2020 жылғы № 319 Бұйрығымен (05.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2020 жылғы № 420 Бұйрығымен (27.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2021 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 28.02.2024 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 16.03.2024 жылдан бастап)
1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 28.02.2024 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 16.03.2024 жылдан бастап)
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2022 жылғы № 42 Бұйрығы​на сәйкес (03.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.04.2023 жылғы № 173 Бұйрығына сәйкес  (26.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) ақпараттық парақ – таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын парақ;
2) арнайы пән – қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша білімі мен құзыретті бағалауға бағытталған пән;
3) ахуалдық орталық – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналасқан, қағаз және электрондық форматтағы ҰБТ өткізу процесін бақылау үшін коммуникация құралдарымен жабдықталған зал;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 28.02.2024 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 16.03.2024 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi