Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15164 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес  
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі) (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
«2) ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні.»;
«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жылжымалы құрам кепілін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады:
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;
ЕДБ/портал арқылы жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіште.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі басып шығарылады.
Куәліктің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.»;
Полная версия
ИС BestProfi