Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 283 бұйрығы
Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу және республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныс жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік комиссиясының құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 58;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 292.
3. Бюджеттік комиссияның жұмыс органы болып Экономика және қаржы департаменті белгіленсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ 283 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік
комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, төраға орынбасары
Экономика және қаржы департаменті Бюджетті жинақтық жоспарлау басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлері
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры
Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры
Жастар саясаты департаментінің директоры
Ішкі бақылау департаментінің директоры
Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры
Әкімшілік департаментінің директоры
Қаржы және экономика департаментінің директоры
Қаржы және экономика департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ 283 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясы туралы  
 ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік процестердің өту мәселелері бойынша шешімдер дайындау және кезекті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік жоспарлау субъектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған үйлестіру органы болып табылады.
3. Осы Ережеде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдары, басқа да республикалық бюджет қаражатын басқарушылар және алушылар бюджеттік жоспарлау субъектілері болып танылады.
4. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
5. Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау және орындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
1) бюджеттік жоспарлау субъектілерінің жұмысын үйлестіру;
2) жобаны әзірлеуге, республикалық бюджетті нақтылауға және түзетуге байланысты мәселелерді қарастыру және ұсыныс дайындау болып табылады.
7. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары;
жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарлама бөлінісінде (кіші бағдарлама) жоспарланған шығыстар көлемі;
жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттердің тізбесі және жоспарланып отырған көлемі;
жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылатын жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялар;
мемлекеттік тапсырыс нысанында орындау жоспарланған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен жобалардың тізбесі және олардың қаржыландырылу көлемі;
2) республикалық бюджетті нақтылау және түзету, шығыстардың көлемін және (немесе) құрылымын өзгерту бойынша бюджеттік жоспарлау субъектілерінің ұсыныстарын қарастырады және келіседі;
3) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет және оларды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері туралы Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына ұсыныстар дайындайды;
4) бюджеттік процесті ұйымдастыру кезінде туындайтын басқа да мәселелерді қарастырады.
8. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты бюджеттік жоспарлау субъектілерінен сұратуға және алуға;
3) Комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша басқа да бюджеттік жоспарлау субъектілерін және басшыларын Комиссия отырысына шақыруға және тыңдауға құқылы.
9. Комиссияның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
10. Комиссия құрамына төраға, төраға орынбасары, хатшы және Комиссия мүшелері кіреді.
11. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстар өткізеді, Комиссия қабылдаған шешімдер мен ұсынымдардың іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төраға орынбасары немесе төраға өкілеттік берген басқа да тұлға орындайды.
12. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
13. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия отырысына төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
14. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
15. Комиссияның құзыреті шегінде қабылдаған Комиссияның шешімі бюджеттік жоспарлау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
16. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
17. Жекелеген мәселелер бойынша Комиссия шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.
18. Комиссияның отырысын сырттай дауыс беру нысанында өткізу туралы шешім қабылданған кезде Комиссия төрағасы сырттай дауыс беруге шығарылатын сұрақтар тізбесін қалыптастырады, толтырылған бюллетеньдерді ұсыну мерзімінің аяқталу, сырттай дауыс беру нәтижелерін анықтау мерзімін белгілейді.
19. Сырттай дауыс беруді өткізу туралы хабарламаны, бірдей нысандағы дауыс беру бюллетенін және қойылған сұрақтар бойынша материалдарды Комиссияның хатшысы Комиссияның әрбір мүшесіне жібереді.
20. Сырттай нысанда өткізілген отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары сырттай дауыс беруді өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімде Комиссия төрағасы алған Комиссияның мүшелері толтырған және қол қойған бюллетеньдер негізінде шығарылады.
21. Комиссияның сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдау мерзімі сырттай дауыс беруге арналған сауалнама парағын қабылдау мерзімінің аяқталған күні болып табылады.
22. Сырттай дауыс беру қорытындылары бойынша бюллетеньдерді қабылдауды аяқтау белгіленген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама жасалады. Аталған хаттамаға Комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелері қабылдаған шешімдер және сырттай дауыс беру нәтижелері Комиссияның барлық мүшелеріне бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сырттай дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап аталған шешімді қабылдауға негіз болған бюллетеньдердің көшірмелерімен қоса оларға хаттама көшірмелерін жіберу арқылы жеткізіледі.
23. Жұмыс тобының сырттай отырысы айына бір реттен артық өткізілмеуі тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi