«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.07.2020
Телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі әдісімен жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу бойынша әдістемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 маусымда № 15225 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 17.06.2020 жылғы № 29 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі әдісімен жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу бойынша әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 3 мамыр № 67 бұйрығымен бекітілді
Телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі әдісімен жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі әдісімен жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістеме телефон арқылы пікіртерім жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі әдісімен жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде алғашқы статистикалық деректерді жинауды ұйымдастыру және өткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары Әдістемені жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу кезінде қолданады.
4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:
1) алдын-ала байланыс – алғашқы статистикалық деректерді жинау әдісін нақтылау және (немесе) телефон арқылы пікіртерімнің өткізілу күні туралы хабарлау мақсатында респонденттерге қоңырау шалуды жүзеге асыру;
2) алдын-ала аралап шығу – үй шаруашылықтарының байланыс деректерін нақтылау мақсатында телефон арқылы пікіртерімді жүзеге асырғанға дейін оларды аралап шығу;
Полная версия

