Близость слов: Окончание:





«Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 599/10 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынылған үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты (бұдан әрі – АИК) қолдайды. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 34-VI Заңын іске асыру мақсатында әзірленген заңға тәуелді актілерді қабылдау мәселесін шешуді тездету қажет деп санаймыз, себебі биыл 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлер өндіріске қажетті шикізат пен жинақтауыштарды импорттау кезінде үлкен шығынға ұшырайды.
Сонымен бірге, сіз ұсынған редакцияда өндіруге жеңілдіктер берілетін дайын өнімдердің тізбесі жоқ. Бұл алдағы уақытта, біздің ойымызша,  
өнімнің нысаналы мақсатын растаумен;
кеден органдары тарапынан пост-кедендік бақылау процесінің қиындық тудыруымен байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін.
Баяндалғанды ескере отырып, Үлгілік АИК-тің 2-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың нысанасы Инвесторға арнайы инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген, осы Арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға сәйкес дайын өнімді өндіру үшін импортталатын технологиялық жабдықты, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ дайын өнім құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату түріндегі инвестициялық преференциялар беру болып табылады.».
Басқарма
төрағасының орынбасары Д. Жунусова
Полная версия
ИС BestProfi