1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14977 санымен тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 09.02.2019
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2019 жылғы 9 ақпаннан бастап ҚР Бас Прокурорының 22.01.2019 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі –«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 61-бабының талаптарына сәйкес ескіру мерзімін ескере отырып, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтаманы беру.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісіндегі қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес қызмет алушының құжаттарының (бұдан әрі – құжаттар) болуы мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуының негізі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы:
қызмет көрсетуші кеңсесінің қызметкері қызмет алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, оларды қызмет көрсетушінің басшысына жолдайды (қызмет алушының құжаттарын қабылдаған күні он бес минуттың ішінде);
қызмет көрсетушінің басшысы ұсынылған құжаттарды екі сағат ішінде қарастырады және жауапты орындаушыны белгілеу үшін құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;
құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағат ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырып, жауапты орындаушыны белгілейді және оған ұсынылған құжаттарды жолдайды;
жауапты орындаушы «Арнайы есеп» ААЖ автоматтандырылған деректер қоры бойынша мәліметтердің болуын немесе болмауын тексереді және тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда – 10 минут ішінде қызмет алушыға анықтама дайындайды.
Тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде қызмет алушыға анықтама дайындайды;
қызмет көрсетушінің басшысы анықтамаға қол қояды – 5 минут;
кеңсе қызметкері қызмет алушыға анықтаманы беру журналына қол қою арқылы анықтаманы беруді жүзеге асырады – 5 минут.
6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) нәтижесі:
1) қызмет көрсетушінің кеңсесінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті қызмет алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды басшыға жолдау – 15 минут;
2) қызмет көрсетуші басшысының құрылымдық бөлімше басшысына қарау үшін қарар қоюы – 2 сағат;
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты қызметкерге қарау үшін қарар қоюы – 2 сағат;
4) жауапты орындаушының ақпаратты рәсімдеуі және мәліметтер болмаған жағдайда оны қызмет көрсетушінің басшысына қол қою үшін жолдауы – 10 минут;
5) жауапты орындаушының ақпаратты ресімдеуі және оны қызмет көрсетушінің басшысына қол қою үшін беруі – екі жұмыс күні (мәліметтер болған жағдайда);
6) қызмет көрсетуші басшысының ақпаратқа қол қоюы – 5 минут;
7) қызмет алушыға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру – 5 минут.
Мемлекеттік корпорация арқылы:
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін ұсынатын құжаттарын қабылдап алуы – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету жөніндегі сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің сұрау нысанына қызмет алушының деректерін, қызмет алушының өкілі жағдайында –қосымша түрде сенімхатпен келген өкілдің деректерін (бұл сенімхат нотариалды түрде куәландырылған жағдайда), кәмелетке толмаған қызмет алушының заңды өкілі жағдайында –қосымша түрде заңды өкілінің деректерін енгізуі – 1 минут;
«электронды портал» шлюзы (бұдан әрі – ЭПШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі –ЖТ МДҚ) қызмет алушының, оның заңды өкілінің (егер қызмет алушы кәмелетке толмаған болса) деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – қызмет алушының өкілінің сенімхаты туралы сұрауды жолдауы – 1 минут;
ЖТ МДҚ - да қызмет алушының деректерінің болуын, БНАЖ - де сенімхат деректерінің болуын тексеру – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын тексеруі және электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы қызмет алу жөніндегі сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы) – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторы куәландырған (қол қойған) электронды құжатты (қызмет алушының сұрауын) ЭПШ арқылы өңдеу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ) жолдау – 1 минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де электронды құжатты тіркеу және сұрауды өңдеу – 1 минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де деректерді тексеру (өңдеу) – 1 минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ мәлімет сәйкестендіргіші бойынша сәйкестіктер болмаған жағдайда жауапты қалыптастыру, қызмет нәтижесін (электронды құжатты) беру – 2 минут;
қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ арқылы қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды құжатты) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады – 1 минут.
Мәліметтер болған жағдайда:
Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі бойынша орындау үшін сұрау қалдырылғаны туралы хабарламаны жолдау – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыға қызмет нәтижесін алатын күні көрсетілген қолхатты тапсыруы;
деректерді ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де тексеру (өңдеу) – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
егер ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де тексерілетін тұлғаға қатысты мәліметтер болса, онда олар анықтаманың арғы бетінде көрсетіледі (басып шығарылады).
қызмет көрсетушінің жауапты, қызмет нәтижесін (электронды құжатты) қалыптастыруы – 2 минут;
қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ арқылы қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды құжатты) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады – 1 минут.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері (құжаттарды қабылдайды, тіркейді және басшыға жолдайды, анықтаманы тіркейді және береді) – 15 минут;
2) қызмет көрсетушінің басшысы (құжаттарды қарайды және орындауға жауапты құрылымдық бөлімшені белгілейді) – 2 сағат;
3) қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді) - 2 сағат;
4) жауапты орындаушы («Арнайы есептер» ААЖ автоматтандырылған деректер қоры бойынша мәліметтердің болуын немесе болмауын тексереді және тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда – қызмет алушыға анықтама дайындайды) – 10 минут;
тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болған жағдайда қызмет алушыға анықтама дайындау – екі жұмыс күні ішінде.
8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің тізімі:
Мемлекеттік корпорация инспекторы –құжаттарды қабылдау және беру;
10. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жүгіну тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алуға ұсынатын құжаттарын қабылдауы;
1-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК АЖ АЖО) қызмет көрсету үшін логин мен парольді енгізуі (авторизация процесі);
2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету жөніндегі сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің сұрау нысанына қызмет алушының деректерін, сенімхатпен келген қызмет алушының өкілінің деректерін енгізуі;
3-процесс – ЭПШ арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі –ЖТ МДҚ) қызмет алушының, оның заңды өкілінің деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ арқылы қызмет алушының өкілінің сенімхаты туралы сұрауды жолдауы;
1-шарт – ЖТ МДҚ - да қызмет алушының деректерінің болуын, БНАЖ-де сенімхат деректерінің болуын тексеру;
4-процесс – ЖТ МДҚ-да қызмет алушының деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің болмауына байланысты дерек алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын толтыруы және ЭЦҚ арқылы қызмет алу жөніндегі сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
6-процесс – Мемлекеттік корпорация операторы куәландырған (қол қойған) электронды құжатты (қызмет алушының сұрауын) ЭПШ арқылы өңдеу үшін ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-не жолдау;
7-процесс – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ-де электронды құжатты тіркеу және сұрауды өңдеу;
2-шарт – МК АЖ АЖО (Мемлекеттік корпорация) арқылы келіп-түскен деректерді тексеру (өңдеу);
8-процесс – қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ арқылы қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды құжатты) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік корпорацияның арасындағы рәсімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия

