Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2018
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 397 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 15319 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 15 шілдеден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.05.2018 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 34-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
1) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11960 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1130 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 14717 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 _____________ Т. Сүлейменов
 2017 жылғы _______________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 7 маусымда
№ 397 бұйрығымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Полная версия
ИС BestProfi