Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 2 ақпандағы № 901/25 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау комитеті
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сараптамалық қорытынды беруге ұсынылған «Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлайды.
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі №213-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары бойынша
1) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына (бұдан әрі - Заң), тарифтердің шекті деңгейін бекіту Қағидаларының атауына және оның реттеу нысанына сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ бұйрық жобасының 1 тармағының 1) тармақшасындағы бесінші және алтыншы абзацтарында қайталануына жол бермес үшін бұйрық жобасының 1 тармағының 1) тармақшасының үшінші-алтыншы абзацтарын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
«25. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей Субъектіге жолдайды.  
Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей Субъектiге жолдайды. 
Тарифтердің шекті деңгейлері мен тарифтік сметаларды бекіту туралы шешіммен уәкілетті орган Субъектіге тарифтердің шекті деңгейі мен тарифтік сметаларды бекітуге берген өтініммен Субъект ұсынған шығындар мен пайда құжаттарын өзгерту мен нақтылау негіздемесін жолдайды.»;
2) Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің қолданысқа енгізілуін реттейтін бұйрық жобасының 1 тармағының 1) тармақшасының оныншы абзацын алып тастауды ұсынамыз, себебі бұл норма тарифтердің шекті деңгейін бекіту Қағидаларының реттеу нысанына кірмейді;
3) Заңның 18 бабының 4 тармағының талаптарына сәйкес, табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын тұтынушының назарына жеткiзуге мiндеттi.
Заңның жоғарыдағы талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, бұйрық жобасының 1 тармағының 1) тармақшасының он екінші абзацын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
«27. Субъект тарифтердің шекті деңгейін (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) енгізу туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тұтынушының назарына жеткізеді.».  
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары бойынша 
1) Заң талаптарына, тарифтердің шекті деңгейін бекіту Қағидаларының атауына және оның реттеу нысанына сәйкес келтіру мақсатында, бұйрық жобасының 1 тармағының 2) тармақшасын келесі мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтыруды ұсынамыз:
«22 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
 «22. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жаңа тарифтерді, инвестициялық тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту немесе одан бас тарту уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей табиғи монополия субъектісіне жолдайды.   
 Осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес бекітілген тарифтердің деңгейлерін өзгертпей, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешімі уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей табиғи монополия субъектісіне жолдайды.   
Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту туралы шешіммен уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне тарифтер мен тарифтік сметаларды (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітуге берген өтініммен табиғи монополия субъектісінің ұсынған шығындар мен пайда құжаттарын өзгерту мен нақтылау негіздемесін жолдайды.»;  
2) Заңның 18 бабының 4 тармағының талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз күн бұрын тұтынушының назарына жеткiзуге мiндеттi.  
Заңның 7 бабының 7-8) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда – жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте орналастыруға міндетті.
Заңның жоғарыда аталған нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, бұйрық жобасының 1 тармағының 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
«26. Табиғи монополия субъектісі тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық  бірлік аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы, олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында, техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда – жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында олардың бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте орналастыруға міндетті.».
Жоғарыда айтылғандар негізінде «Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы әрі қарай қаралуға жоғарыда берілген ескертулер/ұсыныстарды ескере отырып енгізілуі тиіс деп есептейміз.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi