Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындагы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрІнІң 2015 жылгы 23-ақпандагы № 132 бұйрыгына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1277/А002 сараптамалық қорытындысы
Қазакстаи Республикасының
Энергетика министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындагы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрІнІң 2015 жылгы 23-ақпандагы № 132 бұйрыгына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінІң бұйрық жобасын қарап, төмендегі ескертпелер мен ұсыныстарды жіберіп отырмыз.
«¥ңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оган техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе жэне (немесе) табиғи газды алау етіп жағуга рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада мэлімет нысанында төмендегі езгерістерді енгізуді сұраймыз:
- 6-т. 3 және 4 т-шасында «көздер бойынша» деген сөздер алып тасталсын, себебі мәтіндегі бұл сөздердің мағынасы жоқ. Қазіргі күрделі өндірістік нысандардагы әртурлі уңгымалардан өндірілетін, «көз» болып табылатын ілеспе газ тасымалдау, өңдеу және кәдеге жарату кезінде араласып кетеді және өзінің бастапқы күйін жогалтады. Әрі қарай мәтін бойынша 7-тармақта «көз» сөзі газды жагатын көз болып табылатын алауга қатысты қолданылады. Біз айтып отырган 6-тармақта алауда жагылмайтын, осыган сай 7-тармақта көрсетілген «көз» бола алмайтын, кәдеге жаратылатын газ туралы сөз болып отыр. 6-т. 3 және 4 т-шасында мәліметтер нысанындағы, болашақта нормативтік-қүқықтық актіні енгізген кезде мемлекеггік қызмет көрсету үшін қажеттІ сөздерді пайдалану ол сөздерге әртүрлі мағынада түсінік беруі мүмкін, мұның өзі әртүрлі субъектілерде эрқалай қолданылып, заңсыз не жемқорлық әрекеттерге жол ашуы мүмкін;
- 6-т. 5-т-шасында «газдың өткен жылдардагы технологшшыц шыгыпы, млн. текше метр» деген сөздер технологиялық шығын бойынша деректер жинауға қатысты нақты түсінік берілмегендіктен алып тасталсын. Оған қоса технологиялық процестерді модельдейтін симулятор- бағдарламалар негізінде газдың технологиялық шығынын есептейтін әдістеме болмағандықтан сұйықтықты/конденсатты газсыздандыру кезінде технологиялық шығындар бойынша деректерді есептеу мүмкІн болып отыр.
«KAZENERGY» қауымдастығыніБас директоры Б. Ақшолқов
Полная версия
ИС BestProfi