Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 1656/26 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі - Заң жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар салыстырмалы кесте түрінде осы сараптамалық қорытындының қосымшасында көрсетілген.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес  әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Басқарма мүшесі,
Басқарма төрағасының орынбасары Ю.Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi