Близость слов: Окончание:





«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 804 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 1703/18 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 804 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұйрық жобасына 1-қосымшада субъективті критерийлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бастамашылық аудит жүргізіліп, аудит қорытындысы бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерді тексеруден босатуға мүмкіндік беретін тармақты енгізу қажет.  
Бұйрық жобасына 2-қосымша бойынша жұмыс тәртібінде мыналарға қатысты ескертулер берілді:  
- бірнеше талапты қамтитын сілтемелік нормаларды ашу (мысалы: Сәулелену көздерін пайдалануға, физикалық қорғауға және объектіде және оның аумағынан тыс жерде иондаушы сәулелену көздерінің қозғалуына бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтау, Санитариялық нормативтерге сәйкес медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайының жабдықталуы, Жабдықты пайдалану қағидаларын сақтау, Инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру жағдайлары анықталғанда санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық нормаларды сақтау, Үй-жайларды орналастыруға және күтіп-ұстауға қойылатын талаптарды сақтау, Тасымалдау шарттарына қойылатын талаптарды сақтау, Тамақ өнімдерін алып қоюға қойылатын талаптарды сақтау, Тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу процесінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау және т.б.);
  - санитариялық қағидаларда қарастырылмаған журналдардың және басқа да құжаттардың болуына қатысты талаптарды алып тастау (Дезинфекциялау құралдарының кірісі мен шығысын, күрделі жинауды есепке алу журналдарының болуы және оларды жүргізу, Семинарлық сабақтарды және жаттығуларды жүргізу туралы бұйрықтың болуы, Персоналдың шағын жарақат алу жағдайларын есепке алуды жүргізуді растайтын құжаттардың болуы, Мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылау нәтижелерін ұсыну уақтылығын растайтын құжаттардың болуы, Көрсетілетін қызметтің құны және оны сатып алу шарттары туралы ақпарат, Секциялық үстелдің жабдықталуына және жарақталуына қойылатын талаптарды сақтау, Қоқысты шығаруға арналған шарттың болуы, Сумен жабдықтау, су бұру, жылыту және желдету жүйелерін тексеру және жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілерінің болуы, Жұмыртқа өңдеу жөніндегі нұсқаулықтың болуы, Желдету арналарын, торларды, ауа өткізгішті және басқа да қондырғыларды тазарту кестесінің болуы, Жүргізу қажет болған жағдайда, күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарының болуы, Тоңазытқыштардың температуралық режимі журналының болуы, Жабдықты, құрал-саймандарды және ыдыстарды жуу және өңдеу жөніндегі нұсқаулықтың болуы, Тамақ өнімдерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтың болуы);   
- санитариялық қағидаларда өндірістік бақылау жүргізу көзделмеген объектілер үшін өндірістік бақылаудың болуы туралы талапты алып тастау (денсаулық сақтау ұйымдарына, дәстүрлі және халық медицинасы объектілеріне, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, компьютерлік кабинеттерге, көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қатысты, көлік құралдарына қызмет көрсету бойынша объектілерге, көліктегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, адамдардың уақытша тұру объектілеріне (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар, вахталық кенттер), қалдықтарды орналастыру, зарарсыздандыру, көму полигондарына, спорттық-сауықтыру мақсатындағы объектілерге, бассейндер, моншалар, сауналарға, кір жуу, химиялық тазарту орындарына, емдік-косметологиялық объектілерге, сұлулық салондарына, косметологиялық орталықтарға, шаштараздарға, мамандандырылған тамақ өнімдерін сақтау және (немесе) өткізу объектілеріне қатысты);
- осы мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін талаптарды алып тастау (маңдайшада қазақ және орыс тілдерінде орындаушының атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы), жұмыс тәртібі туралы ақпараттың болуы, Бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру туралы құжаттаманың болуы, Қоршаған орта объектілерін зертханалық зерттеу нәтижелері және т.б.).  
Баяндалғанға сәйкес, біртекті объектілер бойынша бөліп, тексеру парақтарының жобаларын әзірлеу кезінде тексеру парақтарына енгізілетін талаптар тиісті санитариялық қағидалармен салыстырылмаған, бұл тексеру парақтарында түсінбестіктердің туындауына әкеп соқты.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, бұйрық жобасы түбегейлі пысықтауды талап етеді деп санаймыз.  
Сондай-ақ қосымшаға сәйкес қауымдастықтардың ұсынған ескертулерін жолдаймыз.  
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Р. Жүрсінов
Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциацияның
2017 жылғы ___ __________ № _______
сараптама қорытындысына қосымша
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 804 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) Еуразиялық өнеркәсіптік Ассоциацияның (бұдан әрі – ЕӨА) ескертулерінің/ұсыныстарының салыстырмалы кестесі
 

рет



Құрылымдық элемент

Жоба редакциясы

ЕӨА ұсынатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне 2-қосымша

және

бұйрық жобасына «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағы» атты 2-қосымша

« Радиациялық қауіпті объектілер үшін » атты 21-бөлімі

және

« радиациялық қауіпті объектілерге қатысты » атты 21-бөлімі

22-тармақ

Арнайы киім мен аяқ киімге арналған ақаусыз жұмыс істейтін кептіргіштер мен шаңнан тазарту камераларының болуы, жеке және арнайы киімді бөлек сақтау үшін киім ілетін орын жағдайларын сақтау

Арнайы киім мен аяқ киімге арналған ақаусыз жұмыс істейтін кептіргіштер мен шаңнан тазарту құрылғылардың болуы, жеке және арнайы киімді бөлек сақтау үшін киім ілетін орын жағдайларын сақтау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығымен бекітілген Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптар) 107-тармағына сәйкес арнайы киімді шаңнан тазарту үшін арнайы құрылғылар (механикалық, сығылған ауаны пайдаланумен, аэродинамикалық шаңсыздандырғыштар және басқалары) қолданылады.

Атап айтқанда, бұл талаптың дұрыс тұжырымдамасы «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» кіші бөлімдерінің 61-тармағында:

«Оқшауланған үй-жайларда шаңнан тазарту үшін арнайы құрылғылардың (механикалық, сығылған ауаны пайдаланумен, аэродинамикалық шаңсыздандырғыштар) болуы ».

Сонымен қатар, шаңнан тазартатын жабдықтардың алуан түрлері болатынына назар аударамыз, мысалы, шаңнан тазарту шлюздері, үрлеу машиналары, щеткалы шаңсыздандырғыштар және т.б.

« өндірістік мақсаттағы ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға, технологиялық процестер мен жабдықтарға, жылу, жарық, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, суды бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішініде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратуға » атты 33-бөлімі

және

«өндірістік мақсаттағы ғимараттарға, құрылыстар мен үй-жайларға, технологиялық процестер мен жабдықтарға, жылу, жарық, желдету және ауа баптау, сумен жабдықтау, суды бұру және өндірістік объектілердегі (оның ішініде көлік объектілеріндегі) өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты » нөмірсіз бөлімі

« Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау » атты кіші бөлімдері

13-тармақ

Қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттармен жұмыс жүргізілетін жерде құрылыс шешімдерін қолдана отырып, әрбір үй-жайды оқшаулаудың болуы

Қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттармен жұмыс жүргізілетін бір ғимаратта бірнеше өндірістерді орналастырған кезде, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және олардың көрші өндірістік үй-жайларға таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолдана отырып, олардың әрқайсысын оқшаулауды қамтамасыз ету .



Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 28-тармағына сәйкестікке келтіру мақсатында, соған сәйкес қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттармен жұмыс жүргізілетін бір ғимаратта бірнеше өндірістерді орналастырған кезде, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және олардың көрші өндірістік үй-жайларға таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолдана отырып, әрқайсысын оқшаулау қамтамасыз етіледі .

Әзірлеуші ұсынып отырған редакция жоғарыда келтірілген норманың мағынасын бұрмалайды, бұл тексеру жүргізген кезде тексерушілердің объективті емес баға беру қаупін туғызады.

17-тармақ

ЭМӨ көздері бар оқшауланған үй-жайлардың қабырғаларын, едендері мен төбелерін сіңіргіш материалдармен әрлеудің болуы

Алып тасталсын

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 63-тармағына сәйкес Радиожиілікті диапазондағы электромагниттік өрістер (одан әрі – ЭМӨ) көздерімен жұмыс істейтін өндірістік үй-жайларды ағымды желілерде орналастыруды қоса алғанда жалпы үй-жайларда, сондай-ақ жеке үй-жайларда да орналастыруға жол беріледі. Егер персоналдың қондырғыда жұмыс істеуге және оған қызмет көрсетуге байланысты емес жұмыс орындарындағы ЭМӨ-нің деңгейлері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес рұқсат етілген шекті мәннен аспаса, ЭМӨ көздерін жалпы үй-жайларда орналастыру көзделеді. Көрсетілген жағдайды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, ЭМӨ қондырғылары жеке үй-жайларда орналастырылады .

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 173 бұйрығымен бекітілген «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар) 39-тармағына сәйкес, инженерлік-техникалық іс-шараларға ЭМӨ көздерін ұтымды орналастыру және ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарын қолдану, оның ішінде ЭМӨ көздерін немесе жұмыс орындарын оқшалау кіреді .

Осылайша, ЭМӨ көздері бар оқшауланған үй-жайлардың қабырғаларын, едендері мен төбелерін сіңіргіш материалдармен әрлеудің болуы туралы 17-тармақтарда бекітілген талап орынсыз тұжырымдалған және жоғарыда аталған нормалардың контексінде және соларды ескере отырып қолданылуы мүмкін, себебі қабырғаларды, едендер мен төбелерді оқшаулау дәлденген сәулеленуге әкеп соғады және үй-жайда жүрген қызметкерлер үшін қауіпті (қысқа толқынды пеш әсері).

Оқшаулау жұмыс орындарынсыз ЭМӨ көзі бар жекелеген үй-жайлар үшін ғана қолданылуы мүмкін. Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың 39-тармағына сүйенсек, жұмыс орындары бар үй-жайларда ЭМӨ көзін немесе жұмыс орындарын оқшаулау қажет .

Сондықтан кейін Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардан 63-тармақты алып тастау арқылы «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» атты кіші бөлімдерінің 17 -тармақтарын алып тастауды ұсынамыз .

22-тармақ

Діріл таралатын жолда экрандардың, қоршаулардың, іргетастардағы саңылаулардың болуы

Діріл таралатын жолда экрандардың, қоршаулардың болуы

Іргетастардағы саңылаулар сияқты құрылыстың жасырын элементтерін көзбен шолып тексеру мүмкін емес.

Сондықтан «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» атты кіші бөлімдерінің 22-тармақтарынан «іргетастардағы саңылаулардың» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.

41-тармақ

Жарықтандыру қондырғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздігінің алдын алу мақсатында профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғысының болуы

Өндірістік ультракүлгін сәулелену көздері бар үй-жайлардағы ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары н қоспағанда, өндірістік үй-жайлардың жарықтандыру қондырғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздігінің алдын алу мақсатында профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғыларының болуы.

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 85-тармағына сәйкестікке келтіру мақсатында, соған сәйкес өндірістік үй-жайлардың жарықтандыру қондырғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздігінің алдын алу үшін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары көзделуі тиіс. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары өндірістік ультракүлгін сәулелену көздері бар үй-жайларда көзделмейді .

51-тармақ

Е ден, қабырғалар, гардеробтар жабдықтары, душ бөлмесі, сонымен қатар аяқ ванналарын ылғалды тазарту және зарарсыздандыру жүргізу бойынша журналдың болуы

Е ден, қабырғалар, гардеробтар жабдықтары, душ бөлмесі, сонымен қатар аяқ ванналарын әр ауысымнан кейін ылғалды тазарту және зарарсыздандыру бойынша график жүргізу

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 92-тармағына сәйкестікке келтіру мақсатында, соған сәйкес е ден, қабырғалар, гардеробтар жабдықтары, душ бөлмесі, сонымен қатар аяқ ванналарын әр ауысымнан кейін ылғалды тазарту қажет .

Сонымен қатар, норма редакциясын нақтылау мақсатында «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» атты кіші бөлімдерінің 51-тармақтардағы «Журналдың болуы» деген сөздерді «График жүргізу» деген сөздермен алмастыруды және оны е ден, қабырғалар, гардеробтар жабдықтары, душ бөлмесі, сонымен қатар аяқ ванналарын ылғалды тазарту және зарарсыздандыру әр ауысымнан кейін жүргізілетіні туралы нақтылап өтуді ұсынамыз.

54-тарма қ

Әжетханалардың тамбурларында қол жууға арналған құралдар мен электр сүлгілері бар қолжуғыштардың болуы

Әжетханалардың тамбурларын қол жууға арналған құралдары бар қолжуғыштарымен қамтамасыз ету

Электр сүлгісі ұзақ уақыт пайдаланған кезде ішкі беттерінде бактериялық ластанулардың жинақталуы салдарынан эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Оның үстіне ол қол терісін құрғатып жібереді, сосын тағы да ылғалдандыратын жақпа май жағу керек. Гигиенаны қамтамасыз ету және қол терісінің құрғап кетуін болдырмау мақсатында электр сүлгісін бір реттік қағаз орамалдармен алмастырған орынды.

Сондықтан «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» кіші бөлімдерінің 54-тармағынан «және электр орамалдарды» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз .

Сонымен қатар, кейін Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 94-тармағына тиісті өзгерістер енгізу қажет .

78-тармақ

Айқын дене және жүйкеге күш түсіретін еңбекпен сипатталатын (гигиеналық сыныптама бойынша 3 топтан жоғары) объектілерде психофизиологиялық жеңілдету бөлмелерінің болуы

Психофизиологиялық жеңілдету бқлмесіне қойылатын талаптарды сақтау:

- бір орынға сағатына 4 адам есебінен (ауысымына 4 сағат жұмыста) отыратын орынның болуы.

- бір отыратын орынға кемінде 2 м 2 бөлінеді, бұл ретте жалпы аудан кемінде 20 м 2 болуы тиіс .

- 68 м 2 нұсқаушы-әдістемешіге арналған қосалқы үй-жайдың және киім ауыстыруға арналған кіреберістің болуы, оның өлшемі бір адамға кемінде 0,5 м 2 есебінен болады .

- бөлмелер шулы цехтарға тікелей жақын орналасқан кезде кіретін жер дыбыс оқшаулағыштары бар екі есікті тамбур тәрізді болуы .

- жарықтандыруға табиғи, сонымен бірге қыздыру шамдарын немесе басқа да жарықтандыруды (10-нан 200 люкске дейін) реттеу құрылғысы бар рұқсат етілген жарық көздері нің болуы.

- шудың фондық деңгейі 60 децибелден аспауға тиіс.

- а уаның температурасы н плюс 18 – 22 0 С шегінде ұстау .

- ақаусыз ауа баптағыштардың болуы .

Алып тасталсын

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 118 - 123, 131 - 133, 139 - 143-тармақтарында бекітілген нормаларды белгілеудің негізгі мақсатына қол жеткізілмейді деп санаймыз, оларда:

- айқын дене және жүйкеге күш түсіретін еңбекпен сипатталатын (гигиеналық сыныптама бойынша 3 топтан жоғары) объектілерде психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері ,

- жұмысшылардың қолына дірілдің берілуімен сипатталатын технологиялық процестері және операциялары бар цехтар үшін д іріл ауруының алдын алу бойынша кабинеттер ,

- жүктілік кезінде әйелдердің еңбегі мен демалуын тиімді ұйымдастыру үшін мамандандырылған емдеу-сауықтыру кешендері ,

Мысалы, кез келген емдеу-сауықтыру емшара біртіндеп шығуды талап етеді. Керісінше, релаксациядан кейін бірден өндірістік ортаға түсу ағзаға жүктемені арттырып, оны қайтадан бейімделуге ұшыратады. Осылайша, сауықтыру мақсатының орнына кері нәтижеге қол жеткізіледі деп санаймыз. Сауықтыру мақсаттары үшін міндетті табиғи-климаттық жағдайлар талап етілетін санаторийлер бар.

Сондықтан кейін Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 118 - 123, 131 - 133, 139 – 143-тармақтарын алып тастау арқылы «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» атты кіші бөлімдерінің 78, 80 - 82, 85 - 86-тармақтарын алып тастауды ұсынамыз.

79-тармақ

Бір сарынды еңбек және (немесе) гипокинезиясы бар объектілерде тренажер залдарының болуы Тренажер залдарына қойылатын талаптар:

- жұмыс үй-жайларынан 150 м алыс емес

- залға кіретін жер шу мен шаңнан оқшаулауды қамтамасыз ететін тамбур арқылы болуы

- тренажер залының ауданы биіктігі 4 м-ден төмен емес, жалпы ауданы кемінде 40 м 2 , бір адамға кемінде 4 м 2 есебінен белгіленеді .

- тренажер залының ауасында зиянды заттар, қоспалар, иістер болмауы тиіс. Көміртегі диоксиді (СО 2 ) 0,1 %-тен аспауы, шаңдану текше метрге 6 милиграммнан (мг/м 3 ) артық болмауы, кремний 2%-дан аспауы , микроорганизмдер 1 м 3 -ге 4000 микробтан аспауы, статикалық электр өрісінің кернеуі сантиметріне 150 Ваттан (В/см) артық болмауы тиіс .

- қажетті ауа режимін қамтамасыз ету үшін табиғи (фрамуг, терезе), жасанды желдету және ауаны баптаудың болуы

- барлық фрамугалар қимасының ауданы еденнің ауданына 1:50 қатынасында болуы тиіс. Мәжбүрлі желдету кезіндегі ауаны ішке тарту қарқындылығы сыртқа таратудан 10 – 15 %-ға жоғары болуы тиіс.

- а уаның температурасы орталықтандырылған жылыту және ауа баптау арқылы плюс 15 – 22 0 С шегінде болуы

- о рталықтандырылған жылыту радиаторларын терезенің астындағы қуыстарға орналастырады және алмалы-салмалы ағаш торлармен жабады .

- т абиғи жарықтандыруға арналған жарық коэффициенті 1:4 – 1:5, жасанды жарықтандыру қыздыру шамдарында кемінде 100 лк және люминисцентті шамдарда кемінде 200 лк болуы тиіс

- киім ауыстыратын, себезгі және дәретхананың болуы .

Алып тасталсын

Бір сарынды еңбек және (немесе) гипокинезиясы бар объектілерде тренажер залдарының болуы туралы талап, сондай-ақ оларды орналастыруға және жарықтандыруға заңнамамен қойылған талаптар кәсіпорындар үшін күрделі әрі техникалық жағынан орындалмайтын талаптар болып табылады , сондай-ақ едәуір қаржылық шығындарды қажет етеді.

Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысының қалыптасқан жағдайында инженерлік желілер мен коммуникацияларды зақымдау қаупінсіз , сондай-ақ өндірістік үй-жайларды орналастыру жоспарын бұзбай тренажер залдарын орналастыру және жарықтандыру бойынша барлық таалптарды іске асыру техникалық жағынан күрделі.

Сондықтан Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 124 - 130 тармақтарын алып тастау арқылы «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» атты кіші бөлімдерінің 79-тармақтарын алып тастауды ұсынамыз .

80-тармақ

Жұмысшылардың қолына дірілдің берілуімен сипатталатын технологиялық процестері және операциялары бар цехтар үшін діріл ауруының алдын алу бойынша кабинеттердің болуы

Діріл ауруының алдын алу бойынша кабинеттің құрамын сақтау:

- физиотерапиялық емшараларға арналған үй-жай;

- емдік дене шынықтыруға арналған үй-жай;

- психологиялық және эмоциялық жеңілдетуге арналған үй-жай .

Алып тасталсын

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 118 - 123, 131 - 133, 139 - 143-тармақтарында бекітілген нормаларды белгілеудің негізгі мақсатына қол жеткізілмейді деп санаймыз, оларда:

- айқын дене және жүйкеге күш түсіретін еңбекпен сипатталатын (гигиеналық сыныптама бойынша 3 топтан жоғары) объектілерде психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері ,

- жұмысшылардың қолына дірілдің берілуімен сипатталатын технологиялық процестері және операциялары бар цехтар үшін д іріл ауруының алдын алу бойынша кабинеттер ,

- жүктілік кезінде әйелдердің еңбегі мен демалуын тиімді ұйымдастыру үшін мамандандырылған емдеу-сауықтыру кешендері ,

Мысалы, кез келген емдеу-сауықтыру емшара біртіндеп шығуды талап етеді. Керісінше, релаксациядан кейін бірден өндірістік ортаға түсу ағзаға жүктемені арттырып, оны қайтадан бейімделуге ұшыратады. Осылайша, сауықтыру мақсатының орнына кері нәтижеге қол жеткізіледі деп санаймыз. Сауықтыру мақсаттары үшін міндетті табиғи-климаттық жағдайлар талап етілетін санаторийлер бар.

Сондықтан кейін Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 118 - 123, 131 - 133, 139 – 143-тармақтарын алып тастау арқылы «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» атты кіші бөлімдерінің 78, 80 - 82, 85 - 86-тармақтарын алып тастауды ұсынамыз.

81-тармақ

Физиотерапиялық емшараға арналған үй-жайдың ауданы бір қол ваннасына 1,5 м 2 есебінен (немесе құрғақ ауамен жылыту қондырғысына 2,3 м 2 ) белгіленеді, бірақ кемінде 35 м 2 болуы тиіс .

- в анналардың саны 3 жұмысшыға 1 ванна және адам ең көп ауысымда 10 жұмысшыға 1 қондырғы есебінен болуы

Алып тасталсын

82-тармақ

Емдік дене шынықтыруға арналған үй-жайдың ауданы залды пайдаланатын бір жұмысшыға (тренажерлер мен спорт снарядтарын қолданатын) 1,6 м 2 , бірақ кемінде 20 м 2 есебінен болуы.

Алып тасталсын



12.

85-тармақ

Жүктілік кезінде әйелдердің еңбегі мен демалуын тиімді ұйымдастыру үшін мамандандырылған емдеу-сауықтыру кешендері (бұдан әрі – МК) бала туатын жастағы жұмысшы әйелдер саны 500 және одан көп объектілерде болуы

Алып тасталсын

13.

86-тармақ

МК орналастыруға және құрамына қойылатын талаптарды сақтау:

- оқшауланған үй-жайларда орналасуы

- өндірістік мақсаттағы үй-жайлардың – цех, учаскенің болуы

- қосалқы мақсаттағы үй-жайлардың - демалыс бөлмесі, жеке гигиена бөлмесі, дәретхана ның болуы

- табиғи жарық және табиғи ауа алмасуының болуы

- МК-ні жертөле, цоколды үй-жайлар мен 2-қабаттан жоғары (лифт болмағанда) орналастыруға жол берілмейді

- демалыс бөлмесінің ауданы ауысымдағы бір жұмыс істейтін әйелге 2,0 м 2 есебінен, бірақ кемінде 18 м 2 белгілеу

- 30 м 2 -ден артық демалыс бөлмелерін демалыс аймағына және гимнастикалық жаттығулар аймағына, дәрігерлік бақылау және сабақ өтетін аймақтарға бөлу .

Алып тасталсын

« Өндірістік объектілердегі сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» атты кіші бөлімдері

14.

119 -тармақ

Техникалық суды ішу мақсатында пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын техникалық су құбырлары құрылыстарының арнайы боялуы

Техникалық суды ішу мақсатында пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын техникалық немесе шаруашылық-ауыз су құбырлары құрылыстарында айыратын арнайы белгілердің немесе жазулардың болуы

119-тармақтағы техникалық суды ішу мақсатында пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын техникалық су құбырлары құрылыстарының арнайы боялуы туралы қойлғын талап кәсіпорындар үшін кейде өте ұзын болып келетін құбырларды бояу бойынша негізсіз шығындарға ұшыратады .

Бұл іс-шара түстерді ажырата алмайтын адамдар үшін арнайы түске бояу техникалық суды ішу мақсатында пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын абсолютті кепілдік бола алмайды деп санаймыз.

Баяндалғанды есепке ала отырып, техниклық құрылыстарды арнайы бояу туралы талапты техникалық суды ауыз судан тиімді ажыратуға мүмкіндік беретін басқа айыратын белгілер немесе жазуларды қолдануды ұсынамыз. Мысалы, су құбыры құрылысына «техникалық су құбыры» және «шаруашылық-ауыз су құбыры» деп жазуға болады, ал техникалық және ауыз су ағызғыштарының үстіне «ауыз су», «техникалық су» деген жазулары бар тиісті тақтайшалар орналастыруға болады.

Сонымен қатар, кейін Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 203-тармағының екінші бөлігіне тиісті өзгерістер енгізу қажет .

«Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және шектес объектілер мен ғимараттар » атты 34-бөлімі

және

«мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және шектес объектілер мен ғимараттарға қатысты» атты 34-бөлімі

« Санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға қойылатын талаптарды сақтау » атты кіші бөлімдері

15.

33-тармақ

Арнайы киім мен аяқ киімге арналған ақаусыз жұмыс істейтін кептіргіштер мен шаңнан тазарту камераларының болуы, жеке және арнайы киімді бөлек сақтау үшін киім ілетін орын жағдайларын сақтау

Арнайы киім мен аяқ киімге арналған ақаусыз жұмыс істейтін кептіргіштер мен шаңнан тазарту құрылғылардың болуы, жеке және арнайы киімді бөлек сақтау үшін киім ілетін орын жағдайларын сақтау

Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын сан-эпид. талаптардың 107-тармағына сәйкес арнайы киімді шаңнан тазарту үшін арнайы құрылғылар (механикалық, сығылған ауаны пайдаланумен, аэродинамикалық шаңсыздандырғыштар және басқалары) қолданылады.

Атап айтқанда, бұл талаптың дұрыс тұжырымдамасы «Өндірістік ғимараттарға, үй-жайлар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды сақтау» кіші бөлімдерінің 61-тармағында:

«Оқшауланған үй-жайларда шаңнан тазарту үшін арнайы құрылғылардың (механикалық, сығылған ауаны пайдаланумен, аэродинамикалық шаңсыздандырғыштар) болуы ».

Сонымен қатар, шаңнан тазартатын жабдықтардың алуан түрлері болатынына назар аударамыз, мысалы, шаңнан тазарту шлюздері, үрлеу машиналары, щеткалы шаңсыздандырғыштар және т.б.

Полная версия
ИС BestProfi