Близость слов: Окончание:





«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 1925/13 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрі бұйрығының жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулерімізді салыстырмалы кесте түрінде жолдаймыз.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Жалғанды: салыстырмалы кесте – 1 бетте.
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің «Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 23 сәуір 2015 жылғы №301 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер еңгізу туралы» бұйрық жобасына ұсыныстар мен ескертпелердің салыстырмалы кестесі
 

Структурный элемент

ҚР ЭМ редакция сы

ҚР ҰКП ұсынған редакция

Негіздеме

4 -тармақ

1-тармақшасы

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап – 15 (он бес) күнтізбелік күн;

мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына – 15 (он бес) күнтізбелік күн;

мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына – 20 (жиырма) күнтізбелік күн аралығында.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзіміне кірмейді .









4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап – 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ;

мемлекеттік корпорацияның Астана қаласында орналасқан филиалдарына – 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ;

мемлекеттік корпорацияның басқа филиалдарына – 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күн көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзіміне кірмейді;



«ішінде» сөзінің алынып тасталмауын сұраймыз, өйткені «ішінде» сөзі мемлекеттік қызметті неғұрлым қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік береді;

Жоба редакциясынан «Ішінде» сөзінің алынып тасталуы мемлекеттік қызмет алу жағдайын нақты 15 және 20 күнмен шектейді



Полная версия
ИС BestProfi