Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2025
Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 15397 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 15 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.05.2025 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 25.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 26 маусымдағы № 446
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандарты
1. Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабы 1- тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде аллергиялық аурулармен және иммун тапшылығы жай-күйлері бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.
3. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
1) аллергологиялық көмек – аллергиялық реакциялар мен ауруларды, олардың пайда болу себептері мен даму механизмдері ескерілетін, диагностикалау, емдеу және профилактикалау шараларының кешені;
2) арнайы аллергодиагностика (бұдан әрі – ААД) – in vivo (әр түрлі әдістермен адам организміне аллергендер енгізу арқылы) және in vitro (зертханалық жағдайда) жүргізілетін аллергиялық аурулардың патогенезінде әсер ететін әр түрлі аллергендерге сезімталдықты анықтау;
Полная версия
ИС BestProfi