Близость слов: Окончание:





«Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 2118/25 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасынын қаулы жобасын қарап, ескертулер мен ұсыныстарды Салыстырмалы кесте (Қосымша) түрінде жолдаймыз.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi