1. «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.06.2017 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.02.2019 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (28.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толықтай автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – шикі газды алау етіп жағуға рұқсат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші жұмыскердің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші басшылығы) басшылығының қарауына беруі);
2) алты сағат ішінде:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы басқарманың жауапты басшысын немесе жауапты жұмыскерді (бұдан әрі – Орындаушы) анықтауы;
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттар толық болмағаны анықталған жағдайда:
орындаушы осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген мерзімнің ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
Полная версия

