1. «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2017
«Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент алынып тасталды 2017 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Энергетика министрінің 28.06.2017 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Мұнай және газ саласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес нысан бойынша өтініші (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы не қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі - орындаушы);
4) орындаушы он үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда орындаушы:
рұқсат жобасын дайындайды;
Полная версия

