Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2020
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы № 380
бұйрығына 6-қосымша
6-қосымша өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 19.02.2016 жылғы № 72 Бұйрығымен (29.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.06.2017 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (19.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 01.02.2019 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (13.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 8 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi – көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу (бұдан әрі – лицензия және (немесе) лицензияға қосымша) немесе лицензия беруге бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – дәлелді бас тарту).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар өтініші (бұдан әрі – өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші басшылығы) басшылығының қарауына беруі);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығы басқарманың жауапты басшысын немесе жауапты жұмыскерді (бұдан әрі – Орындаушы) анықтауы);
басқарма басшысының орындаушыны анықтауы;
3) орындаушы он екі сағаттың ішінде «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген тізбе бойынша ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын қарауы;
ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда:
орындаушы көрсетілген мерзім ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
Полная версия
ИС BestProfi