1. «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2019
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығына 5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.06.2017 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2019 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.02.2019 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық тәсілмен берілген қоса тіркелген құжаттары бар «Мұнай және газ саласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығымен бекітілген «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеужөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген), (бұдан әрі - Стандарт) өтініші (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) портал арқылы келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі - орындаушы);
4) орындаушы үш жұмыс күні ішінде құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда орындаушы: өтінішті рұқсат жобасымен қоса (бұдан әрі - сұрау) қорғаныс, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) келісуге дайындайды;
мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін сұрауды көрсетілетін қызметті беруші басшысының төрт сағат ішінде келісуі;
мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының төрт сағат ішінде сұрауға қол қоюы;
Полная версия

