Близость слов: Окончание:





Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 15358 болып тіркелді
Редакция 11.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.01.2020 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (05.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 346 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11277 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 23 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 345 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары
1. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиацияның (бұдан әрі – ИКАО) метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасы негізінде әзірленді.
1) азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамсыз етуді ұйымдастыру;
Полная версия
ИС BestProfi