Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 2421/07 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП) «Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Қағидалар жобасы) қарап, келесіні хабарлайды.
Қағидалар жобасының 5-тармағының бесінші абзацында «31 желтоқсан» деген сөздерді «1 желтоқсан» деген сөздермен ауыстыру қажет.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес, нормативтік құқықтық акт ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге, жалпыға жариялануға және Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жатады.
Осылайша, барлық мерзімдерді ескере отырып, қайта өңдеушілердің екі ай ішінде әкелуді жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ, бұл өз кезегінде өндіріске кері әсерін тигізеді.
- жаңа өнім берушілердің өз қызметін жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асыру мүмкіндігі болмағандықтан, Қағидалар жобасының 15-тармағының екінші абзацында «1 наурыздан бастап» деген мерзім «1 қаңтардан бастап» деп ауыстырылсын.
- 21-тармақпен қолданылмаған көлемге лицензияны қайтару қарастырылғандықтан, 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Егер жаңа өнім беруші берілген лицензия бойынша тауарды әкелуді жүзеге асырмаған және осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес оны қайтармаған жағдайда, ол тауардың осы түрі бойынша келесі екі жылда жаңа өнім беруші ретінде тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады. Мұндай жаңа өнім берушінің өтініштері қараусыз қайтарылады».
Қағидалар жобасының 17-тармағында «ІҚМ етін қайта өңдеуші тауардың осы түрі бойынша жаңа өнім беруші ретінде бола алмайды» деп көзделген, осыған орай, оның құс етіне тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу мүмкіндігін жазба түрде түсіндіруді өтінеміз.
Сонымен қатар, «2017 жылға ІҚМ, шошқа және үй құсы етіне тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Ресей Федерациясы Үкіметінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1322 қаулысымен квоталар көлемін бөлу 2017 жылғы 15 сәуірге дейін жүзеге асырылатыны көзделгенін хабарлаймыз. Осылайша, бірыңғай экономикалық кеңестік шеңберіндегі әркелкі шарттар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жосықсыз бәсекелестiгіне әкеледі.
Осыған орай, «Атамекен» ҚР ҰКП ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен келісе отырып, ҚР-ға еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу мерзімдерін өзгерту мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді. Мұндай негізделген жауаптар нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi