Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 481 бұйрығы.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 тамызда № 15479 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
1 «Ауыл шаруашылығы» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 004, 007, 014, 016, 017, 018, 019, 020, 021, 024, 028, 029, 030  және 031 бюджеттік бағдарламаларымен қоса 
737 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«737 Облыстың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы
001 Жергілікте деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
004 Ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту
014 Ауыл шаруашылығы таурларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау
016 Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз ету
017 Қазақстандық мақта талшығының және шитті мақта сапасын сараптау
018 Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру
019 Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер
Полная версия
ИС BestProfi