«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 41-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15427 болып тіркелді
Редакция 20.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Әуе кемелерінің пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10605 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған);
2) «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 818 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14580 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қантарда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-18) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Полная версия