Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15434 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес   
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi