Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.01.2024 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (13.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының атқарылуы туралы есептердің, елдің стратегиялық даму бағыттарымен өзара байланысты бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін бюджеттік мониторингтеу және талдау нәтижелерінің деректері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің деректері есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау үшін негіз болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 926 Қаулысына сәйкес (24.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп есепті қаржы жылындағы жүргізілген республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетеді.
Түзетілген бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және өзге нормативтік құқықтық актілер негізінде бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруін ескереді.
Есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомасының ауытқуы, пайыздық қатынасы түзетілген бюджетке есептеледі және тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепте және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепте көрсетіледі.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
5. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негізде, мың теңгемен жүзеге асырылады.
6. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 926 Қаулысына сәйкес (24.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаны қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктен тұрады.
7. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке түсіндірме жазбада экономикалық жағдай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу және басымдықтардың іске асырылуы, тиісті кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасының, ұлттық жобалардың іске асырылуы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпарат көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2022 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіреді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.02.2021 жылғы № 87 Қаулысымен (11.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.03.2022 жылғы № 140 Қаулысымен (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомасының есепті қаржы жылындағы түзетілген республикалық бюджеттің сомасынан ауытқуы;
есепті қаржы жылындағы бюджет түсімдерінің атқарылу және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер сомасының есепті қаржы жылындағы түзетілген республикалық бюджеттің сомаларына пайыздық қатынасы;
бюджеттік сомалардың игерілмеу сомасы көрсетіле отырып, бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджет түсімдері сыныптамасының кодтары мен бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы бойынша қалыптастырылады.
Бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің бөлінбеген қалдығын қоспағанда, түзетілген бюджеттің бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден асып кету сомасы, сондай-ақ өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген пайдаланылмаған нысаналы даму трансферттерін қайтару сомасы республикалық бюджет қаражатының игерілмеген сомасы болып табылады.
9. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп есепті қаржы жылында түзетілген республикалық бюджеттің атқарылуын көрсетеді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган жүргізген бюджеттік мониторинг нәтижелері мен нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық бюджеттік бағдарламалардың түсімдері және оларды іске асыру жөніндегі талдамалық деректерді қамтиды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.02.2020 жылғы № 46 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2022 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
республикалық бюджет кірістері туралы, оның ішінде түсімдер жоспарының атқарылуына әсер ететін негізгі факторларды және кірістер түсімдерінің жоспарынан іс жүзіндегі атқарылудың ауытқу себептерін баяндай отырып, салықтық түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттер түсімдерінің атқарылуын талдау;
бюджеттік кредиттерді өтеуден түсетін түсімдер туралы, оның ішінде іс жүзіндегі атқарылудың бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша қаражаттың түсу жоспарынан ауытқуының негізгі факторлары мен себептері.
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде шығыстардың ведомстволық сыныптамасы бойынша қалыптастырылатын республикалық бюджеттің шығыстары туралы;
республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша тапшылықтың (профициттің) іс жүзінде қалыптасқан сомасын түсіндіретін бюджет тапшылығы (профициті) туралы;
қарызға алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды іс жүзінде қамтамасыз ету немесе бюджет профицитін, қарыз қаражатын, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтарын қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге жұмсау жолымен бюджет профицитін пайдалану нәтижелерін қамтитын бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) туралы.
бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражаты, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат;
қол жеткізілген (жеткізілмеген) көрсеткіштер көрсетіле отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат.
Ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс) есепті кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысы: ақша қаражатының түсімдері мен шығарылуы туралы ақпаратты көрсетеді.
Қаржылық қызмет нәтижелерi, ақша қозғалысы (тікелей әдіс), таза активтердің/капиталдың өзгерістері есептердің көрсеткіштері және кірістер мен шығыстардың негізгі баптарын талдау бойынша ашып көрсету 2020 жылдан бастап өткен есепті кезеңнің деректерімен салыстыру арқылы ұсынылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке жалпы мәліметтерді және ашып көрсетулерді көрсетеді.
10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 6–9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (18.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын, ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына береді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.03.2022 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.02.2023 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес (18.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Тиісті мемлекеттік органдар есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жобасын уақтылы дайындау мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мәндерді мың теңгемен көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай ақпаратты ұсынады:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы талдамалық ақпарат;
тиісті мемлекеттік органның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қаражат қалдықтарының қалыптасу себептері көрсетілген олар туралы ақпарат;
есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік бағдарламалардың, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасының, ұлттық жобалардың іске асырылуы туралы есептер, сондай-ақ есепті жылы көзделген және олардың іске асырылуына пайдаланылған қаражат, жоспарланған іс-шаралардың орындалу (орындалмау) нәтижелері және себептері, олардың саланың, өңірдің, елдің дамуына ықпалы көрсетілген талдамалық ақпарат.
стратегиялық мақсаттарды іске асыру және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеу (оларды асыра орындау) себептері түсіндірілген, мемлекеттік органның даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы (қаржы жылы ішінде бекітілген мәндермен, нысаналы индикаторлардың көлемдерімен және санымен салыстырғанда өзгерістер болған жағдайда, енгізілген өзгерістердің себептері көрсетіледі);
бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражаты және олардың орындалмау (асыра орындалу) себептері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштері туралы.
Мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің талдамалық ақпаратында іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі және оларға қол жеткізбеу (оларды асыра орындау) себептері көрсетілген, қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) нәтижелер көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаты бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жоспарлы және іс жүзінде игерілген сомалар, қаражат игерілмеген жағдайда – игерілмеу себептері көрсетіледі.