Близость слов: Окончание:





Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысы
Редакция 27.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.02.2023 жылғы № 113 Қаулысына сәйкес (08.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 502 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары
1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.04.2022 жылғы № 201 Қаулысына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi қамтиды:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауы;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.04.2022 жылғы № 201 Қаулысына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу.
2-тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуболжамының жобасын әзiрлеу
3. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
3-тарау. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.05.2018 жылғы № 294 Қаулысына сәйкес (24.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.03.2021 жылғы № 192 Қаулысына сәйкес (21.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.04.2022 жылғы № 201 Қаулысына сәйкес (31.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi