Близость слов: Окончание:





«Этика мәселелері жөніндегі орталык комиссияның ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3003/26 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Этика мәселелері жөніндегі орталык комиссияның ережесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасын (бұдан әрі - Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Бұйрық жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар салыстырмалы кесте түрінде осы сараптамалық қорытындының қосымшасында көрсетілген.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес  әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Басқарма мүшесі, Басқарма
төрағасының орынбасары Ю.Якупбаева
Полная версия
ИС BestProfi