Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 472 қаулысы
"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 145Б мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Ақтөбе облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы 
 Үкіметінің 
 2017 жылғы 4 тамыздағы 
 № 472 қаулысына қосымша 
Республикалық меншіктен Ақтөбе облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілетін объект

Р/с

Объект атауы

Түгендеу нөмірі

Салынған жылы

1

2

3

4

1.

Жалпы ауданы 1081,5 ш.м. жер учаскесінің ауданы 0,2000 га. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының Әділет департаменті" РММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 145Б

232101000013

2008ж.

Полная версия
ИС BestProfi