Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 тамызда № 15478 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.04.2020 жылғы № 182 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (18.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 946 Бұйрығымен (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 535 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.04.2020 жылғы № 182 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру және «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (18.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласының тұрақты дамуын, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) азаматтық әуе кемелерін пайдаланатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
3-1. Экипаж мүшесінің куәлігін бергені үшін «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалған тәртіп пен мөлшерде ақы алынады.
1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (18.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызмет алушы осы қызметкерлер іс жүзінде жұмыс істейтін авиакомпания не оның филиалы (өкілдігі) тіркелген жер бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына алдын ала келісуге мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әліпбилік тәртіпте жасалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу негізі мен қызметкерлер тізімін көрсете отырып, бірінші басшының не оның орнын басатын адамның қолы қойылған бланкіде өтінім-хат жібереді.
6. Өтінім-хатты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары келген күннен бастап 20 жұмыс күн ішінде қарайды және ілеспе хатпен авиакомпанияға қайтарылады, онда өтінім-хатта көрсетілген әрбір қызметкер бойынша атап-атап экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) беруге кедергі келтіруі мүмкін мәліметтердің жоқтығы не барлығы туралы жазылады.
6-1. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.
1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
1-тарау 6-2-тармақпен толықтырылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда көрсетілетін қызмет алушы мынадай құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жолдайды:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (18.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9 x 12 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;
4) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
6) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі.
8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажет құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының порталында «жеке кабинетке» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін сұраудың қабылдануы туралы мәртебе жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпаратты олар алынған күні тіркейді, мәртебесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы хабарланады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталған соң, демалыс және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
10. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және ЭМК жасайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту болып табылады.
11-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.04.2022 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 22.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
12. Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жалпы мерзімі ЭМК алу үшін хат-өтінімі тіркелген сәттен бастап жеті жұмыс күн.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (18.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама ЭМК дайындығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына берген жағдайда ЭМК қолданыс мерзімі авиациялық персонал куәлігін тану мерзіміне сәйкес келеді.
16. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы және ЭМК бүлдірілген жағдайда пайдаланушы берілген ЭМК-ті уәкілетті ұйымға қайтарады.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.04.2022 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (17.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды
қамтамасыз етуші инженерлік-техникалық
құрамға және ұшу кезінде әуе
кемесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін персоналға
экипаж мүшесі куәлігін
беру қағидаларына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 17.08.2021 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (18.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы
2.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы
3.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
7 (жеті) жұмыс күні
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде
5.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Экипаж мүшесінің куәлігі (бұдан әрі – ЭМК) не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-бағанында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны: Электрондық / қағаз түрінде.
6.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрықтарына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес азаматтық авиация саласындағы тәртіпте және мөлшерлемелер бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Төлем екінші деңгейдегі банктер қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
7.
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін;
2) мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін;
3) портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру электрондық (толық автоматтандырылған нысанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінім;
2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
8) көрсетілетін қызметті берушіге қызмет ақысын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың көшірмесі.
9.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ЭМК алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылады.
10.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, соның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескерумен өзге талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурста орналастырылған:
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы www.caa.gov.kz.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға болады.
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші
инженерлік-техникалық құрамға және ұшу
кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін персоналға экипаж мүшесі
куәлігін беру қағидаларына
2-қосымша
2) өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты шекаралық, кеден және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;
3) ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша, сондай-ақ авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің басшылары (инспекторы) қол қойған актіні жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде тапсыру.
Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды қамтамасыз етуші
инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде
әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
персоналға экипаж мүшесі куәлігін
беру қағидаларына
3-қосымша
1. «Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығы Қазақстан Республикасы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 сәуірде № 124-127 (26529) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)).
2. «Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 437 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7120 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 433-435 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)).
3. «Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің кауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 821 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8925 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 желтоқсанда № 270 (28209) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)).