Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15642 болып тіркелді
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 жылғы № 1360 Бұйрығына сәйкес (05.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 жылғы № 1360 Бұйрығына сәйкес (05.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің м.у.а. 26.06.2018 жылғы № 435 Бұйрығына сәйкес (02.08.2017 ж. редакцияна қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2021 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 жылғы № 1360 Бұйрығымен (05.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қорғаныс министрінің 12.06.2025 жылғы № 687 Бұйрығына сәйкес (27.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері айқындалған.